2010 жылғы 27 наурызда Балқаш қаласында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Тұрлыбектің қатысуымен мәжіліс өткізілді.

Аталған жиында әкім облысының орынбасарына Балқаш қаласының 2010-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының презентациясы ұсынылды.

БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ағымды жылы Балқаш қаласының даму бағдарламасына жалпы 367,2 млн.теңге сомасындағы бюджеттік қаражат қарастырылған(Жол картасы аясындағы бөлінген 68 млн.теңге қаражатты есепке алғанда).

I. Бюджеттік қаражаттың жалпы сомасы ішінде қаланың көркейтуіне 97,1 млн.теңге  көзделген.

Аталған бағдарлама аясында келесі жұмыстардың орындалуы қарастырылғын:

- 4 ауланың аббатандыруы (балалар спорт алаңының құрылуы, аббатандарылған аулаларға жүретін жолдарын асфальттау, көшеттер отырғызу);

- Ұлы Отан соғысында құрбан болған балқаштықтарға арналған ескеркіштің жөнделуі және безендіруі;

- жол жиегіндегі көмкермелерді  ауыстыруы;

- тротуарлардың қалпына келтіру;

- қалалық паркті жөндеу;

- қатты тұрмыстық қоқыстарды жою  полигонына қоршау орнату;

Аулаларды аббатандыру.

Барлығы – 121 аула, өткен 3 жыл ішінде (2007-2009 жылдары) 48 аула аббатандырылған (жалпы санының 40%). 73 аула аумақтарын стандартқа жеткізу қажет, оның ішінде ағымды жылда жалпы сомасы 7,1 млн.теңге көлемінде 4 аула жабдықталатын болады (3 мөлтек ауданында № 16-18 үйлер арасында, №12 мөлтек ауданында, Молдағұлова,2 көшесінде, Спортивный,4 көшесінде).

Бұдан басқа, демеушілік құралдар есебінен ағымды жылда 6 алаң жабдықталатын болады (Желтқсан, Сейфуллин, Томпиев және Ағыбай батыр көшелеріндегі үйлердің аулаларында).

Дислокация орындары және аула элементтері сызбаларда көрсетілген. Әр алаңда 9 элемент орналастырылады.

Конкурстық процедуралар аяқталды. Мердігер – «Жібек-жолы» ЖШС. Жұмыс жүргізу күнтізбелік кестесі – ағымды жылдың сәуір-тамыз айлары.

Бекітілген стратегиялық жоспарға сәйкес 2015 жылға дейінгі аула аумақтарын көріктендіру жоспары құрылған.

Құрбан болған балқаштықтар ескерткішін жөндеу және безендіру.

Сомасы 3,8 млн.теңгедегі бұл жұмыстар жалпы мәрмәрден жасалған мемориалдық тақтаның көркемделуі, «мәңгілік жалынға» жұлдыз орнату және мемориалдық тақта жанынан Ұлы Отан соғысы кезіндегі ордендердің макетін орналастыру.

Конкурстық процедуралар аяқталды. Мердігер - ЖК В.Шарипов.

Жұмыс ағымды жылдың 15 сәуіріне дейін аяқталады.

Ұзындығы 3 км болатын темір бетонды жол жиегіндегі көмкермелердің ауыстырылуы жалпы сомасы 19,8 млн.тенгеге Спицын және Язев көшелерінде жүргізіледі.

Конкурстық процедуралар аяқталды. Мердігер -  «Недра-Балхаш» ЖШС.

Жұмыс орындау кестесі ағымды жылдың сәуір-тамыз айлары.

25 млн.теңге сомасында тротуарлардың қалпына келтірілу

(«Жол картасы» аясында) Бөкейханов, Ағыбай батыр және Қадыржанов көшелерінде жүргізіледі.

Конкурстық процедуралар аяқталды. Мердігер «Дорстройматериал-21» ЖШС. Жұмыс орындау күнтізбелік кестесі – ағымды жылдың сәуір-қыркүйек айлары.

14,3 млн.тенге сомасында қалалық парктің жөндеу жұмыстары.

Металдан жасалған қоршауларды қалпына келтіру, орталық қақпаларда есіктер орналастыру, жарықтандыруды қалпына келтіру, 1116 түрлі қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды отырғызу қарастырылуда.

Конкурстық процедуралар аяқталды. Мердігер - «Жібек жолы» ЖШС.

Жұмыс жүргізу кестесі – сәуір-тамыз айлары.

Қатты тұрмыстық қоқыстарды жою полигонына қоршаулар орналастыру12,5 млн.тенге. Мердігер – «Горкомхоз»КМК.

II. Көшені жарықтандыруды қалпына келтіруге және ұсталымына 40,9 млн.теңге бағытталды (оның ішінде «Жол картасы аясында - 28 млн.теңге), оның ішінде қарастырылып отыр:

- 7 мөлтек ауданында жарықтандыруды қалпына келтіру (Мухамеджанов, Сабитова, Сатпаев, Русаков, Шашубай, 3 және 12 мөлтек аудандарында), 4 көшеде ( Агыбай батыр, Спицын, Амангелді, Сейфуллин), Макаренко көшесінде және  Саяқ және Коңырат кенттерінде.

42 металл тірек, 18 темір бетонды тірек, 387 шам-шырақ орналастыратын болады. Дислокация орындары, саны, осы жұмыстарды жүргізу құны кестеде ұсынылған. Конкурстық процедуралар қала мен кенттерде  аяқталды,  мердігер – «Элстройсервис» ЖШС.

Жарықтандыру құрылысы бойынша жұмыстардың орындалу мерзімі – ағымды жылдың шілде-қазан айлары.

III. Қаланың көгалдандыруына 38,6 млн.тенге сомасында қаражат қарастырылған, оның ішінде жаңа көшеттерді сатып алу үшін - 17,6 млн.тенге (9500 бірлік - жапырақты тұқымдағы және  500 – қылқан жапырақты тұқымдағы).

Өсіп тұрған ағаштардың астындағы жер 43 гектарды алып жатыр. 27 га алаң аумаған  көгалдандыру қажет, оның ішінде ағымды жылда – 5га. 10000 ағаш отырғызылады. Жаңа отырғызылатын ағаштардың орындары анықталған. Бұл  – қала жағалауы, қалалық парк, Тәуелсіздік алаңы, қала көшелері (Желтоқсан, Спицына, Язева), мешіт, шіркеу аумақтары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар аумақтары.

Конкурстық процедуралар аяқталды. Көшеттер жеткізушісі –  Алматы қаласы, «PR AGANCY» ЖШС. Жапырақты тұқымдастарының отырғызылуы ағымды жылдың 1 мамырына дейін, қылқан жапырақтылардікі 15 сәірге дейін аяқталады. Көшеттер – Алматы облысы Еңбек ауылынан алынған еуропалық қарағай, көшеттің биіктігі 1 -2 м, кесек мөлшері – 0,6-0,8 м. Күтім жұмыстары қаланың барлық аумақтарында  ағаштарды және бұталарды кесу, жасартуды қарастырады.

IY. Жолдарды жөндеу бойынша 3 көшеде орташа жөндеу жұмыстарын орындау қарастырылған  (Ағыбай батыр, Қараменде би, Иванова), «жұмысшы кентін»  және квартал аралық  жолдардың жартылай жөндеуіне 14 780 ш.м жалпы алаңымен 34,1 млн.теңге сомадағы қаражат көзделген.  Жыл бойындағы автокөлік жолдарының ұсыталымына 46,3 млн.теңге бөлінді (400 мың.ш.м жалпы аумақта  қаланың барлық 20 көшесі қамтылған). Қаланың 7300 ш.м аумақтағы 18 көшесінде белгі қою жүргізіледі. Конкурстық процедуралар сәуірдің аяғында аяқталады.

Жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімдері - мамыртамыз.

Y. 11 км қашықтығымен суару желілерін қалпына келтіруге, суару желісінінің ұсталымына, коммуникациялық люктерді қалпына келтіруге 37,8 млн.теңге бағытталды.

Өткен 3 жыл ішінде 61,4 млн.теңге сомасында 21,7 км суару құбыры қалпына келтірілді.

Конкурстық процедуралар 22 наурызда аяқталады.

Жол картасы аясында су құбырларының,  ілмек арматурасының ауыстырылуына 14,6 млн.теңге қарастырылды. Бұл жұмыстар «Жұмысшылар кентінде» және 90 квартал аудандарында жүргізілетін болады. Конкурстық процедуралар аяқталды. Мердігер – ЖК Ж.Мырзабеков. Жұмысты жүргізу күнтізбелік кестесі – ағымды жылдың наурыз-қыркүйек айлары.

YI. Коммуналдық шаруашылық саласындағы басқа шығындарға (жұмыс істемейтін қоқыстарды жою, қаңғыма жануарларды аулау, жерлеу орындарының ұсталымы, арнайы техникаларды сатып алу) 55,6 млн.теңге бағытталған.

Қаланы көркейту бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 8 бірлік арнайы техника сатып алу қарастырылған («Горкомхоз» КМК және  «Су Жылу Транс» КМК), оның ішінде:

- қоқыс тасу көлігі

- тиеу экскаваторы

- МТЗ-82 дөңгелекті экскаваторы

- ЗИЛ базасындағы апаттық-жөндеу машинасы

- ГАЗ базасындағы ассенизациялық-вакуумдық машинасы

- 2 бірлік компрессор

- УАЗ-фермер автомашинасы

2007-2009 жылдар кезеңінде  175 млн.теңге сомасында қаланың мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары үшін арнайы техника мен жабдықтар сатып алынды.

YII.Қаланы көркемдеу.

Қалада тұрақты жұмыс жасайтын элементтер 153 бірлік. Оның ішінде:

мөлшері 3х6 болатын 50 билборд, мөлшері 5,5х7 болатын 11 брандмауэр, 80 баннер, 12 пилон.

Ағымды жылда мерекелік және әлеуметтік-саяси тақырыпта 11 баннер, 6 брандмауэр, 8 созылма ауыстыру және 14 пилон орналастыру қарастырылған қаланың көріктендіруіне 7 млн.теңге  бағытталатын болады.

Балқаш қаласы аумағында 2015 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланған инвестициялық жоспарлар.

2010-2015 жылдар кезеңінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады.

Олардың ішінде 2010-2011 жылы анық (Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай) келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:

- Балхаш-1 станциясында 140 орынға арналған жаңа бала-бақша құрылысы, ҚМЖ құны (шамамен) – 150 млн.теңге ( жер учаскісін бөлу ресімдеу сатысында, құрылыс жүргізуші –«Бас Арқа» ЖШС, жартылай инвестициялар);

-75 орынға арналған жерасты жабық автопаркингі және 4 теннистік кортпен қоса «Мирас» балалардың бас уақытын ұйымдастыру кешені (құрылыс жүргізуші «Мирас бизнес сервис» ЖШС, жартылай инвестициялар, құны – 120 млн.теңге);

-280 орынға арналған «Веселые ребята» бала-бақшасы ғимаратын қалпына келтіру («Жол картасы» аясындағы бюджеттік инвестициялар - 425 млн.теңге);

-спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы ( құрылыс жүргізуші - ЖК Төлеубеков, жартылай инвестициялар, жер учаскісін бөліп беру орындалған, құны - 120 млн.теңге);

-қала жағалауының, М.П.Русаков атындағы ескерткіштің маңындағы аумақтың көркейтілуі, қалалық парктегі атқыманың қалпына келтірілуі ( бюджеттік инвестициялар, қалалық бюджет - 42 млн.теңге);

-Ленин көшесінің сырт бейнесінің жаңа көріктендіруі (жартылай инвестициялар, ЖК Крюков, ЖК Маканалин).